Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сенбі, 23 қараша, 08:11

Сот әділдіктің айнасы болуы тиіс

09.10.2024

336

0

Жалағаш аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2024 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз  конференциясы өтті. Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, жергілікті өңірлік «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Жандос Жазкен қатысты. Жиын барысында аудандық сот  төрағасы А.Мизанбаев 2024 жылдың 9 айында  атқарылған жұмысы жайлы баяндады.

Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 853 іс, нақтырақ тоқталсақ, азаматтық 403, әкімшілік 3, қылмыстық 44, әкімшілік құқық бұзушылық 403 іс қаралып, аяқталған. Аяқталған 403 азаматтық істер бойынша сот бұйрығы 28,  шешім 221, тоқтатылған іс 112, қараусыз қалдырылған 38, басқа соттың қарауына 4 іс жолданған. Тоқтатылған азаматтық істерге қатысты медиация бойынша 110, оның ішінде сотқа дейінге хаттама негізінде 83 іс қаралған. Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру) 234,  неке бұзу 45, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар 27, заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар 24, әкімшілік істер бойынша 2 іс медиация тәртібімен тоқталған, 1 іс қанағаттандырудан бас тартылған.

Қылмыстық істер бойынша 44 іс аяқталса, үкім шығару арқылы 27 іс, сондай-ақ 11-і тоқтатылған. Медиация тәртібімен 8-і татуласқан, соттылығы бойынша 6 іс жолданса, 30 азамат сотталған. Оларға тағайындалған жаза  түрлері бойынша 5 азамат қоғамдық жұмысқа тартылдған, 18-інің бас бостандығын шектеу, 4 бас бостандығынан айыру , айыппұл-2, шартты жаза тағайындалғандары-1. Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ. Онша ауыр емес санаттағы қылмыс-9, ауырлығы орташа қылмыс-6, ауыр қылмыс-14, теріс қылық санатындағы қылмыс-15. Аяқталған  қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты бойынша, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы, мал ұрлығы-1 іс,   ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-10 іс, ҚР ҚК   187 бап, ұсақ-түйек жымқыру-3 іс, есірткі затын заңсыз егу, тасымалдау санатында 11 іс. Алаяқтық-3

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: 407 іс түскен, аяқталғаны 403, 4 іс  келесі тоқсанған қалдық қалған, жаза тағайындалғаны-290, тоқтатылғаны-110, тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған-30. Жаза тағайындалғандары бойынша, айыппұл-123, ескерту-20, қамаққа алу-43, көлік құралын басқару құқығынан айыру-2, көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жаза ретінде -7   адамға қолданылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша  жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу-75 іс қаралған.

                                                                                                                              
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді.

Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: