Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сенбі, 23 қараша, 08:03

Қызылорда өңірінде ауыр жүк көліктерінің иелері заң талаптарын бұзуда

09.10.2024

322

0

Қызылорда көлік прокуратурасымен 2024 жылдың тамыз айында облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы (әрі – Инспекция) қызметінде заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде өрескел заң бұзушылықтар анықталып, прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Атап айтқанда, Қызылорда – Жезқазған бағытындағы республикалық маңызы бар тас жолда Инспекциямен «Мұхтар» жеке кәсіпкері ауыр жүк көліктерімен (SHACMAN, HOVO) құрылыс заттарын рұқсат етілген салмақтық параметрлерден асыра тасымалдаған 69 дерегі анықталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі-Кодекс) 571-бабының 6-бөлігі және осы баптың 2-1 бөлігімен барлығы 5,8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, «Мұхтар» жеке кәсіпкерімен тасымалданған автокөлік құралдарының іс жүзінде жүріп өткен жолына  461 мың теңге алым соммасы бюджетке төленуі қамтамасыз етілді.

Сондай ақ, жүкті қабылдаушы «STECOL CORPORATION» ЖШС-гі  тасымалдаушы«Мұхтар» жеке кәсіпкерінен келіп түсетін жүктің массасын анықтауға мүмкіндік беретін жабдықтармен қамтамасыз етпеген үшін (таразы, құжаттардың сақталуы)Кодекстің 571-1 бабының 1 бөлігі және 571 бабының 2-1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілігі қаралып 92300 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Бұл бағыттағы қадағалау жұмыстар үнемі бақылауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: