Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жұма, 22 қараша, 23:13

Талғарда бұзақылардың қолынан ажал құшқан 16 жасар Шерзаттың үйін өртеп жіберді

13.10.2024

178

0

Алматы облысы Талғар ауданында дүкенде сауда жасап тұрған әкесіне араша түсемін деп 16 жастағы Шерзат Болат өзінен үлкен жастағы бұзақылардың қолынан қаза тапқан болатын.Оған түн ортасында дүкен алдында пышақ сұғып қашып кеткен болатын.Бүгін оның әке-шешесінің үйін бәз біреулер өртеп жіберді деген хабар келді.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік,Шерзаттың әке-шешесі мен туыстары істің бұрмаланып жатқандығын, күдіктілердің барлығы қамауға алынбағанын айтып,әкесі Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасап, соттың ашық өтуін талап еткен болатын.

— Мен Бас прокурор Берік Ноғайұлына тікелей үндеу айтқым келеді. Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесімін. Талғар әкімдігі, прокуратурасы мен ішкі істер департаментінің басшысы ешқандай әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Менің марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Қал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей тұр. Түнде бізді тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздыртып отыр. Сізден сұрайтыным: ашық сот болуын талап етемін. Өлетін балам өлді, мені де алсын, мені де қамасын, бірақ әділ шешім үшін ашық сот болсын, — деген еді Шерзаттың әкесі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: