Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Жұма, 22 қараша, 17:48

«Сырдың нәзік гүлімін» атты кездесу өтті

16.10.2024

309

0

Ақын Қаршыға Есімсейітова 65 жаста. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3, №4, №19 кітапханалары бірлесіп «Сырдың нәзік гүлімін» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Сондай-ақ түрлі тақырыпта жарық көрген кітаптары «Алтын жұлдызды ақын» атты кітап көрмесінде таныстырылды.

Елге адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жандарды насихаттау, олардың  өмірі мен еңбек жолын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа үлгі етіп, құрмет көрсету – кітапхананың мәдени жұмысының негізгі бөлігі.

Рухани кешті ақын, кітапхана әдіскері Ақжол Түменбай ашып жүргізді. Шара барысында қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлмира Рахметова, мерейтой иесіне Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатовтың құттықтау хатын табыстап, сый-құрмет көрсетті. Сонымен қатар жас оқырмандар ақынның өлеңдерін оқып, құттықтап келген қонақтар, ақын-жазушылар, замандастары, әріптестері ізгі-ниеттерін білдірді.

Қаршыға Құрмашқызы – журналист, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Телерадио Академиясының «Алтын жұлдыз» иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Шиелі, Сырдария аудандарының Құрметті азаматы.

Еңбек жолын газет басылымынан бастап, телеарнада редактор-жүргізуші қызметтерін абыроймен атқарды. Бүгінде Қазақстан Жазушылар Одағы облыстық филиалының жетекшісі ретінде қоғамдық жұмыстан қол үзбей, жас ақындарға тәлім-тәрбие беріп келеді.

Мерекелік кеште ақынның сөзіне жазылған әндері орындалып, сыр сұхбат айдарында әдебиет әлеміне қалай келгенін айтып, өз естеліктерінен сыр шертті. Сондай-ақ, қазақтың кең жүректі ақын қызы кеш барысында екі өлеңін оқып берді. Сырлы сөз иесіне кітапхана ұжымы оқырмандар атынан алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

Қарлығаш Есімсейтова 1.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: