Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 07:00

Қазақ тілін келеке қылған бапкер ірі айыппұл төлейтін болды

17.10.2024

310

0

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Бәрменқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Федерация басшысы Әділет Бәрменқұлов шектен шыққан Черчесовке айыппұл салынғанын айтты.

«Қателіктер бар, біз бұл туралы кеше ғана журналистермен сөйлестік. Черчесовтың әзілі, әрине, шектен шықты. Мен онымен жеке сөйлестім, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен маңызын түсіндірдім. Біз ол туралы Черчесовтің өзімен сөйлестік. Оған айыппұл салынды», деді федерация басшысы Әділет Бәрменқұлов.

Федерация мәліметінше, айыппұл соммасы – 200 АЕК немесе 738 400 теңге.

Бұған дейін Қазақстан футбол командасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске «сен француз тілінде сөйлеп отырсың ба?» деген. Осы сөзі қоғамда қызу талқыға түсіп, оны сынағандар көбейді.

Қазақстан футбол федерациясы бұл оқиғаны былай түсіндіреді.

«Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндіріп өту қажет деп санайды. Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген отандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған еді. Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз», делінген мәлімдемеде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: