ахуалдың жай-күйі басты назарда
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 10-тармағында «Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл кемінде жарты жылда бір рет уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша анонимді сауалнама жүргізіледі» делінген. Осыған сәйкес аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің арасында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне мониторинг жүргізу мақсатында 2024 жылдыңмамыр айында анонимді сауалнама жүргізіліп, оның қорытындыларына талдау жасалды.
Анонимді сауалнамалар ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды және қызметшілердің артық жұмыс істеу фактілерін анықтаудың бірден-бір объективті тетігі деп айтуға болады. Себебі сауалнамалар анонимді жүргізілгендіктен респонденттер сауалнамада көрсетілген сұрақтарға өз жауаптары мен пікірлерін ашық, еркін білдіре алады.
Анонимді сауалнамаға аудандық мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін 127 мемлекеттік қызметшінің 122 (96 пайыз) мемлекеттік қызметшісі респондент ретінде қатысып, сауалнамада көрсетілген сұрақтарға өз жауаптары мен пікірлерін ашық білдірді. Өзге қызметшілер еңбек демалысында немесе іс-сапарда болуына байланысты сауалнамаға қатыспады.
Сауалнамадағы сұрақтар екі бағытқа бөлінді:
– бірінші бағыт – мемлекеттік қызметшінің өз әріптестерімен қарым-қатынасының деңгейі және ұжымда қалыптасқан моральдық-психологиялық ахуалға көзқарасының деңгейі;
– екінші бағыт – мемлекеттік қызметші мен тікелей басшысы арасындағы қарым-қатынастарының жағдайы.
Талдау барысында жауаптардың ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйінің оңтайлы жағдайын көрсететін жағымды нұсқаларының келесі проценттік мөлшерлемедегі градациялық мән-мағыналары қолданылды:
– 3% -тен 60% – қауіпті деңгей;
– 61% -тен 75% – алаңдатарлық деңгей;
– 76% -тен 95% – қалыпты деңгей;
– 96% -тен жоғары – қолайлы деңгей.
Сауалнама қорытындысымен жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, бірінші бағыт бойынша, яғни мемлекеттік қызметшілердің өз әріптестерімен қарым-қатынасына және ұжымда қалыптасқан моральдық-психологиялық ахуалға оң көзқарасын білдірген респонденттердің үлесі 97,68% құрап, қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынасы мен олардың ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға деген оң көзқарасының қолайлы деңгейін көрсетті.
Бірінші бағыттағы сұрақтар топтамасына мынадай жауап нұсқалары белгіленген:
– әріптестерінің өзіне деген қарым-қатынасы әр кезде әдепті және сыпайы деп 122 (100%) респондент жауап берген;
– әріптестеріне дәлелді ескертулері барабар қабылданады деп пікір білдірген 116 (95 %) респондент болса, 2-і (1,6%) «жоқ», 3-і (2,5%) «үнемі емес» деп жауап беріп, 1-і (0,9%) жауап беруді қиынсынған;
– әріптестерінің арасында өзге қызметкерлерге қатысты көрінеу жалған мәліметтер тарату тәжірбиесі «жоқ» деп 120 (98,4%) респондент жауап берсе, 2-і (1,6%) жауап беруді қиынсынған.
– ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал ұнайды деп 116 (95%) респондент жауап берсе, 1-уі (0,9%) «жоқ» деп жауап беріп, 5-уі (4,1%) «үнемі емес» деп жауап берген;
– ұжымда алғашқы рет жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бейімделуге көмектеседі деп 122(100%) респондент жауап берген.
Сонымен қатар, екінші бағыт бойынша, яғни мемлекеттік қызметші мен оның тікелей басшысы арасындағы қарым-қатынасын жағымды деп респонденттердің 97,6% белгілеп, қызметкерлер мен олардың тікелей басшылары арасындағы қарым-қатынасы қолайлы деңгейде екендігін көрсетті.
Бұл ретте, сауалдарға берілген жауап нұсқалары төмендегіні көрсетті:
– пікірлері әр кезде тікелей басшысымен ескеріледі деп 109 (89,3%) респондент жауап берсе, 3-уі (2,5%) «жоқ» деп жауап беріп, 10-ы (8,2%) «үнемі емес» деген нұсқасыны белгілеген;
– тікелей басшысының ұжымда тек қана іскерлік өзара қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын 122 (100%) респондент белгілеген.
– тікелей басшысының қарым-қатынасы әділ екендігін 119 (97,5%) адам белгілеген, 3-уі (2,5%) жауап беруге қиынсынған және құрылымдық бөлімшеде жүктеме бірыңғай біркелкі бөлінетіндігін белгілегендердің үлесі 121 (99,1%) болса, 1-уі (0,9%) «жоқ» нұсқасын таңдаған;
– лауазымдық міндеттерінен асатын тапсырмаларды орындау талап етілмейтіндігін 117(95,9%) респондент көрсетсе, 5-уі (4,1%) «үнемі емес» деген нұсқаны таңдаған.
– тікелей басшысына өз сенімділігін 118 (96,7 %) қызметкер білдірген болса, 4-уі (3,3%) жауап беруге қиынсынған;
– күрделі өмірлік жағдайларда тікелей басшысының жәрдемі мен қолдауына сенетіндердің үлесі 122 (100%) адамды құраған.
– тікелей басшысы тарапынан жеке істері тапсырылмайды деп респонденттердің 122-сі (100%) белгілеген және тікелей басшысының мереке немесе демалыс күндері жұмысқа шығуды міндеттемейтіндігін 122 (100%) респондентбелгілеген.
Талдау көрсеткендей, жалпы қолданылған проценттік мөлшерлемедегі градациялық мән-мағыналары бойынша жауаптары алынған 14 мәселенің 10-ы – «қолайлы» және 4-уі – «қалыпты» жағдайын білдірді.
Жүргізілген сауалнамаға талдаудың негізінде, қазіргі таңда Жалағаш ауданының мемлекеттік мекемелерінің ұжымдарында жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениеті қалыптасқан және мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан тыс уақытта жұмыс істемейді деп айтуға негіз бар.
Е.ҚАЙНАРБАЕВ,
Жалағаш ауданы әкімі
аппаратының басшысы,
Әдеп жөніндегі уәкіл
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!