Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Бейсенбі, 14 қараша, 08:59

Вакцинациялау – өмір талабы

06.11.2024

502

0

Ауруға қарсы егу шаралары ерте кезден басталған. Вакцинация балалар мен ересек­тер­ді полиомиелит, қызамық, қызыл­ша, көк­жөтел, гепатит, сірес­пе, тубер­ку­лез­­дің күрделі түр­ле­рі сияқты қауіпті аурулардан қор­ғау­ға көмектеседі.

Вакцинациялау арқылы бүгінгі таңда 20-дан аса жұқпалы аурулардың алдын алуға болады. Оның барлығы Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген және оларды тегін алуда. Вакци­нациялау – адам инфекция қоз­дыр­ғыштарымен байланысқа түс­кенге дейін аурудан қорғанудың қара­пайым, қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинациялау ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін қолдана отырып, көптеген жұқпалы ауруларға төзім­ділікті арттырады және иммун­дық жүйеңізді күшейтеді. Аурулар сияқты вакциналар да иммундық жүйені арнайы антиденелер жасауға үйретеді. Вакциналардың көбісі инемен егіледі. Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2-3 аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жыл бойы сақталады.

Елімізде профилактикалық егудің Ұлттық күнтізбесі бекітілген. Соған сәйкес әр емханада егу кабинеттері жасақталып, балаларға жоспарлы түрде вакцинация жүргізілуде.

Вакциналар иммун­дық жүйе­ні вирус пен бактерия­лар­ды тануға, оны­мен күресуге үйретуге бағытталған. Егер денеге кейінірек осы патогендік қоз­дыр­ғыштар әсер етсе, оны тез жою­ға дайын болады, бұл аурудың алдын алады. Қоғамда неғұрлым көп адамға вакцина егілсе, со­ғұрлым ауру қоздырғыштың адам­нан адамға беру мүмкіндігі төмендейді. Егер ха­лық­тың көп бөлігіне вакцина егілсе, ұжымдық иммунитетке қол жеткізіледі. Бұл жұқпалы аурулардың таралуын бәсеңдетеді. Бірақ ұжымдық иммунитет көп адам вакциналанғанда ғана тиімді.  Вакцина алудың екі негізгі себебі: өзіңіз­ді және айналаңыздағы адамдарды жұқпалы аурулардан қорғауға көмек­те­седі. Мысалы, жыл сайын штамын өзгертіп отыратын грипп, яғни тұмау ауруының тұрғындар арасында жеңіл өтуін қамтамасыз ету мақсатында күзде оған қарсы иммунизация жүр­гізіледі.

Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқарма басшысы Г.Айымбетова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: