Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:45

Жаңа кассациялық сот

08.11.2024

477

0

Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша дербес кассациялық соттар құруды көздейтін «Кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Осыған байланысты сот ісін жүргізудің барлық түрлері бойынша кассациялық сотқа жүгінудің және сот актілерін қайта қараудың бірыңғай қағидаларын енгізу ұсынылды.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 2-1-тараумен толықтырылды. Онда кассациялық сот жөнінде норма көзделген.Аталған тараудың 16-2-бабына сәйкес, Кассациялық соттарды Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Сот Кеңесімен келісіп ұсынуы бойынша Қазақстан Репсубликасының Президенті құрады, қайта ұйымдастырады, атауын өзгертеді және таратады.

Кассациялық сот – төмен тұрған соттардың шешімдеріне шағымдарды кассациялық тәртіппен қарайтын, яғни Жоғарғы сот сатысы.Бірінші сатыдағы соттардың түпкілікті шешімдеріне және апелляциялық соттың шешімдеріне кассациялық сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Кассациялық тәртіпте, заңды күшіне енген сот актілерін қарау, алдын ала қарауды өткізбеу, істі мәні бойынша ақылға қонымды 6 айға жуық мерзімде қарау, кассациялық тәртіпте 6 құрамды сот болып қарау көзделген.

Аудандық соттың бас маманы

Облыстық судьялар одағының мүшесі                                  

Б.Исағабылов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: