993 жыл – Портреттер. Онда еліміздің ғылым, өнер, мәдениет, білім беру жүйесінің дамуына үлкен үлес қосқан тарихи тұлғалар бейнеленген. Алғашқы қағаз ақшаның бір ерекшелігі – номиналдың орналасуы еді. Сандар ақ фонда, купюралардың алдыңғы жағының сол жақ төменгі бұрышында, ортасында әрі оң жақ жоғарғы бұрышында басылып шықты.
1993-2003 жылдар – Әл-Фараби. Ұлттық банк шығарған теңгенің екінші сериясы ортағасырлық ұлы философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналды.
2006 жыл – Бәйтерек. Тік дизайндағы жаңа банкноттар шығарылды. Жаңа банкноттағы негізгі элемент жаңа астананың көрнекті нысаны – «Астана-Бәйтерек» монументінің бейнесі болды. Ашық түстер палитрасы қолданылып, жоғары деңгейдегі қорғаныс элементтері енгізілді.
2011 жыл – Қазақ елі/Самұрық. Жаңа серияның ерекшелігі – банкноттардың алдыңғы бетіндегі «Қазақ елі» монументінің (Самұрық құсының) бейнесі.
2023 жыл – Сақ стилі. Жаңа банкноттар сериясы сақ мәдениетіне арналған. Ата-бабамыздың дүниетанымын, табиғатпен байланысын, кең-байтақ жерімізде мекендейтін жануарлар әлемін көрсетеді. Сонымен қатар ежелгі қорғандардан табылған бұйымдар да көрініс тапқан. Былтыр желтоқсаннан бастап Ұлттық банк айналымға номиналы 5 мың теңгелік жаңа «Сақ стилі» сериясының жаңартылған банкноттарын шығарды. Биыл жазда номиналы 10 мың теңгелік банкноттар айналымға енді. Жалпы, осы жаңа серияның банкноттары біртіндеп айналымға енгізілмек, өйткені оларды елдің барлық аймағына жеткізу және жабдықтарды (банкомат, терминал және басқа да касса техникасын) бейімдеуге біршама уақыт қажет.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!