Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Дүйсенбі, 18 қараша, 14:45

Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды

17.11.2024

44

0

Бұл туралы Астана қаласының тергеу сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарының күдікті Перизат Қайратқа қатысты 2 айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші келіп түсті.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 16 қарашадағы қаулысымен күдікті Перизат Қайратқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге деректер жариялануға жатпайды.

Айта кетейік, қазір танымал блогерге екі айып тағылып отыр. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырған.

2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: