Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 15:47

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

21.11.2024

54

0

Сотталушылар Қызылорда және Ұлытау облысының тұрғындары. Олар оқырман саны көп парақшаны сатып алу арқылы заңсыз құмар ойынын ұйымдастырған деп хабарлады бізге берген мәліметінде Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.

Олар инстаграмм әлеуметтік парақшасы арқылы жұмыстарын жүргізіп отырған.  Осылайша өздерінің қылмыстық пиғылдарын жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың қаңтар айында «Instagram» әлеуметтік желісіндегі 402000 оқырманы бар <<@tompikz.kz»  парақша арқылы «Карта-Лото» заңсыз құмар ойын ұйымдастырған. Сондай-ақ, «WhatsApp» әлеуметтік желісінде топ ашып, сотталушылар заңсыз құмар ойынын жүйелі түрде жүргізіп келген. Желі де  оларды республиканың түкпір-түпкірінен жиналған 400 мыңнан аса оқырман бақылап отырған. Олардың қызығушылығын арттыру мақсатында сотталушылар түрлі жарнамалар арқылы ойынға халықты шақырған.

Нәтижесінде 2024 жылдың қаңтар мен шілде айы аралығында сотталушылар   жалпы 69 822 994 теңге аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

Соттың үкімімен сотталушыларға 2 жыл 6 ай мен 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: