Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 22 қараша, 22:21

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

22.11.2024

107

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтардың алдын – алу және болдырмау, қызметтік тәртіппен заңдылықтарды сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары туралы дөңгелек үстел өтті.


Кездесуге «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының консультанты А.Кенжебаев қатысып, Қызылорда облыстық партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің атқарып жатырған жұмыстарына тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру баршамыздың міндетіміз деді.


Жиынды қортындылаған Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Е.Назарқұлов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбының өзектілігін, тәжірибе алмасу қажеттілігін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі элементі ретінде халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруды атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: