Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 22:54

Үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру мәселесі қаралды

25.11.2024

46

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру, атаулы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты арнайы жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

«Балалардың шығармашылық үйірмелерге,спорттық секцияларға нақты қатысуын ата-аналар растаған ақпаратты негізге алып, тиісті шара қабылдаңыздар. Барлық кәсіпкерлер Face ID мобильді қосымшасымен қамтамасыз етілсін. Атаулы көмек алушылар қатарында шынайы табысын жасырып, жалған ақпарат ұсынғандар түрлі әрекетке баруда. Бұл көмек тек шын мұқтаж отбасыларға ғана берілуі қажет. Осыған орай, жыл соңына дейін белгіленген жоспарды орындауды, негізсіз көмек алғандардың қаржысын мемлекетке қайтаруды тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 2021 жылдан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасы қолға алынды. Биыл шығармашылық тапсырыс аясында қаралған қаржыдан 600,0 млн.теңге бюджетке кері қайтарылды.

Жалпы облыс бойынша 40 мәдениет үйі мен клубты, 15 мектеп, 1 университет корпусын кәсіпкерлер үйірме жұмысын жүргізу үшін жалға алған.

Алдағы уақытта арнайы комиссия құрылып, қаладағы, аудандардағы барлық үйірмелердің жұмысы толық тексеріледі.

Үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру мәселесі қаралды 1.jpg
Үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру мәселесі қаралды 2.jpg
Үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру мәселесі қаралды 4.jpg
Үйірмелер мен спорттық секцияларды қаржыландыру мәселесі қаралды 3.jpg

Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: