Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 23:06

Мемлекеттік басқару академиясы: әлемдік деңгейдегі білім ордасы

22.11.2024

27

0

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны. Академия бәсекеге қабілетті білім беру мен зерттеу өнімдерін өндіру үшін институционалдық жағдайларын дамытуды мақсат етіп, мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары басқарушылық мәдениетті қалыптастыруды көздейді. 1-30 қараша аралығында магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша биылғы жылға қосымша қабылдау жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Ақзада Мадалиева айтты.
– ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына ҚР заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздері есебінен оқу мерзімі бір жыл, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор субъектілері, мәслихаттар депутаттары үшін модульдік оқыту қағидаты бойынша магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша 2024 жылға қосымша қабылдау жүргізілуде. Құжаттар 2024 жылғы 01-30 қараша аралығында https://admission.apa.kz онлайн қабылдау жүйесі арқылы қабылданады. Үміткерлер үшін магистратураның білім беру бағдарламаларына шет тілін білу деңгейі талап етілмейді,- деді Ақзада Алайдарқызы.
Оқуға ақылы негізде, өндірістен қол үзбей күндізгі қашықтықтан оқыту магистратураның «ЕМРА – Мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша құжаттарды тапсыру сәтінде басшылық лауазымда кемінде екі жыл еңбек өтілі бар, «MRD – Өңірлік даму» екі жыл жалпы еңбек өтілі бар тұлғалар тапсыра алады.
– Модульдік оқыту – бұл оқыту мазмұнын модульдер деп аталатын шағын блоктарға бөлуге негізделген оқыту әдісі. Оқу жылы 6 модульден тұрады, олардың әрқайсысында офлайн және қашықтықтан оқыту форматтары қарастырылған. Бұл тәсіл білім алушыларға материалдың жекелеген бөліктерін ыңғайлы қарқынмен және негізгі жұмыстан қол үзбей арнайы кесте бойынша оқып-зерделеуге мүмкіндік береді. Модульдік оқытудың бірнеше артықшылығы бар. Модульдер оқыту қарқыны оқу мазмұнын барынша тиімді игеруге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған. Жалпы, конкурстық іріктеу екі кезең бойынша өтеді. Біріншісі – аналитикалық эссе болса, екіншісі – сұхбат. Аналитикалық эссе – бұл белгілі бір мәселе бойынша жеке ұстаным мен талдауды білдіретін еркін композициядағы жазбаша жұмыс және кәсіби қызмет саласындағы хабардарлықты анықтауға бағытталуы мүмкін. Ал, сұхбат – білімнің тереңдігін, стратегиялық ойлауды, өзінен-өзі дамытуға деген ұмтылысты, үміткердің коммуникациялық дағдыларын анықтау тәсілі,- деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Гүлсара Нұрова.
Сұхбаттың мақсаты – үміткерлердің кәсіби және жеке құзіреттерінің деңгейін, оқуға деген ынтасын, мемлекеттік басқару жүйесінің стартегиялық және бағдарламалық құжаттарын, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнаманы білу болып табылады.
– ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруда маңызды орын алады. Академияда оқу қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп әлемдік деңгейдегі профессорлар мен сарапшылар тартылған. Бұл оқу орны мемлекеттік қызметкерлердің жаңа көзқарастар қалыптасытруына, инновациялық шешімдер табуына, кәсіби дамуына зор үлес қосып келеді. 2022 жылы облыс бойынша алғаш рет мемлекеттік басқару академиясының докторантурасына грант жеңіп алдым. Қазір оқуымның үшінші жылындамын. Бүгінде ҚР Су дипломатиясы және Орталық Азиядағы транс шекаралық су ресурстарын реттейтін модельін даярлап, қазір диссертациялық жұмыс жазып жатырмын. Бүгінгі күнге дейін 3 ғылыми мақалам жарық көрді. Бұл мен үшін үлкен дәреже,- деді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының докторанты Альбина Прниязова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: