Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 15:38

Жемқорлықсыз жұмыста жүйе болады

27.11.2024

46

0

Сыбайлас жемқорлық жайлаған қоғам құлдырайды, ол көрініс тапқан кез келген салада жұмыстың шатқаяқтайтыны тағы да түсінікті. Сондықтан қоғам дертімен күресті мүлде тоқтатпау керек.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері сыбайлас жемқорлықпен күреске басымдық беруде, тіпті «бұл – мемлекеттің басты саясаты» десе де болады. Ал ел дамуына кері әсерін тигізетін бұл дертпен күресте бәріміз қарап қалмауымыз керек.

Қарап қалмағанда қалай? Рас, негізінен елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресетін арнайы құзырлы органдар бар. Олардың өз функциясына сай жұмыс жасап жатқанына да күмән жоқ. Ал біздің міндет жалпы қоғамда адамдардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру болып табылады. Әлбетте бұл тұрғыда тағы да «Қалай?» деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сауалдың да түйінін тарқатудың аса машақаты жоқ.

Бірінші кезекте әрбір адам алдымен өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоя білуі керек. Оның тек өзі үшін ғана емес, жалпы қоғамға, елімізге зиянын түйсігімен түсінуі тиіс. Мұнан кейін айналасын, ортасын да осы көзқараста болуына насихат керек.

«Ол қалай?» десеңіз, әрбір ұжымда, отбасында, жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлықтың ауыр дерт екенін, оның зардабы зор екенін түсіндіру керек. Отбасында тағылым алған бала келешекте мұндай жағымсыз әдетке мүлде бармайды. Міне, Президент айтқан бәсекеге қабілетті ұрпақты сонда ғана қалыптастырамыз.

Енді ұжымға келейік, жалпы ұжыммен отырып сыбайлас жемқорлықтың зардабын талқылау аса маңызға ие. Себебі жоғарыда айтқанымдай, сыбайлас жемқорлық орын алған салада міндетті түрде құлдырау болады. бұл құлдырау тек бір ғана салада емес, тұтас мемлекеттің дамуын тежейді. Сондықтан оның зияны міндетті түрде талқылануы тиіс. Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасында да ұжыммен сыбайлас жемқорлықтың зардабын түсіндіру, ұжымның әрбір мүшесін одан аулақ болуға шақыру мақсатында түрлі жиындар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып тұрады.

Дастан БАХТИЯРОВ,

аудандық қазынашылық

басқармасы басшысының орынбасары      

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: