Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 03:21

Қызылорда облысында 15 адам конго-қырым қанды безгегіне шалдықты

01.07.2022

461

0

Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегіне шалдыққандар саны 15 адамға жетті. Оның 8-і зертханалық жолмен нақтыланған.Орталық коммуникациялар қызметінен хабарлағандай, сала мамандары облыс тұрғындарын далада зиянкестерден қорғанып жүруге және жануарлардан абай болуға шақырды.

«Конго-қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанғандардың басым көпшілігі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Олардың 70 пайызында клиникалық белгілер болғанымен уақытылы медициналық көмекке жүгінбеген. Қазіргі таңда ауруға шалдыққан азаматтарға тиісті ем жүргізілуде», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Айтуынша, бүгінде облыста конго-қырым қанды безгегін қоздырушы кененің 16 түрі бар. Соның салдарынан жылдан-жылға ауру тасымалдайтын кенелердің түрлері көбейіп барады. Республика бойынша кенелердің шағу көрсеткіші орташа есеппен 4,2 болса, Қызылорда облысында бұл көрсеткіш одан жоғары.»Бұл алаңдатарлық жағдай. Конго-қырым қанды безгегінің белсенділігі, әсіресе, мамыр және маусым айларында өте жоғары. Сондықтан әрбір азамат далада немесе үй жануарларының қасында міндетті түрде сақтық шараларын ұмытпауы керек», – деді

Әбдіқайымова.Ауруханаға түскен науқастардың барлығы – осы бір аптаның ішінде ауырғандар. Оларға арнайы препараттар беріліп, 3 рет зертханалық тексерістен өтеді.Конго-қырым қанды безгегінің басты белгілері – бас айналу, жүрек айну, дене қызбасы және іш өту. Бұл белгілерден бөлек, тіс немесе мұрын қанауы мүмкін.Дәрігерлер осы белгілер байқалса, бірден медициналық тексерістен өтуге кеңес берді. Себебі ауру асқынып кетуі мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: