ТЖМ баспасөз қызметі қызылордалық құтқарушылардың 90 жастағы қарияға көмек көрсеткенін жазды.
– Қызылорда қаласының үйлерінің бірінде 1935 жылы туған қарт әже есікті аша алмай, пәтердің ішіне құлап қалған.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сатының көмегімен екінші қабаттың пәтеріне терезесі арқылы кіріп, еденде жатқан әйелді тапты. Оған көмек көрсетіліп, туыстарына тапсырды, – делінген ведомство дерегінде.
Бас құтқарушы Абай Кенестің айтуынша, 9 жылдық еңбек өтілінің ішінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан егде адамдар мен балаларды 1 минутқа да қараусыз қалдыруға болмайды.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында ТЖМ құтқарушылары 29 жүк көлігін қар құрсауынан алып шыққан болатын.
Фото: ТЖМ/видеодан алынған кадр
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!