Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:09

Қызылордада 21 адам суға кетті

04.07.2022

447

0

Биыл облыс аумағындағы су айдындарында 21 адам қаза болды. Оның 7-і жасөспірім бала. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауға және белгіленбеген аймақта суға түсуге болмайтынын ескертеді.

«Суға шомылу маусымы басталғалы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің көмегімен 7 адам құтқарылды. Қазіргі таңда құтқарушылар мен полиция қызметкерлері қала және аудан аумағында орналасқан су айдындарында күшейтілген режимде рейд жұмыстарын жүргізуде. Тексеріс барысында ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу бойынша 27 адамға ескерту берілді. Ал қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкен 2 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылды. Жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық білім басқармасымен бірлесіп, қауіпті деп танылған 4 модульді-қаңқалы бассейн алынып тасталды», – деді Қызылорда облысы ТЖД басқарма бастығы Асхат Тоғызбаев.

Сондай-ақ 12 мыңнан астам оқушыға қауіпсіздік ержелері бойынша 89 интерактивтік сабақ өткізілді. Суға шомылу маусымы аяқталғанша қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар өз жалғасын табады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: