Жетісу облысы Сарыөзектегі әскери бөлімде жас сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні №12740 әскери бөлімінде болған.
«Criminal Kazakhstan» Telegram арнасының хабарлауынша, 2006 жылы туған қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы өз-өзіне қол жұмсаған.
Жасөспірім АК-47 автоматымен жүрегіне оқ атқан. Ол 2024 жылдың қазан айында Түркістан облысынан әскер қатарына шақырылған.
Сарыөзек әскери гарнизоны бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Әскери-далалық оқу-жаттығулар кезінде сарбаз атыс қаруын қолдану ережесін бұзып, кеудесінен жарақат алған. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себептері анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқаратын арнайы комиссия тағайындалды», делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!