Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 24 қараша, 13:54

Жол инфрақұрылымын дамыту саласындағы жұмыстар қорытындыланды

05.07.2022

428

0

Облыс әкімінің орынбасары М. Жайымбетовтің төрағалығымен ағымдағы жылдың І жартыжылдығындағы жол инфрақұрылымын дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Мәжілісте жол саласына жауапты жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, мердігерлер компаниялар мен авторлық және техникалық қадағалаушы мекемелердің басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы П. Шамұратов баяндама жасап, саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Оның ішінде, биыл іске асырылып жатқан 118 жобаның барысы, атап айтқанда, 12 көпір құрылысы, 292 шақырым жол мен 72 елді мекендегі көшелерге жөндеу жұмыстары баяндалды.

Мәжіліс қорытындысымен облыс әкімінің орынбасары М. Жайымбетов басқарма басшысына, салаға жетекшілік ететін аудан және қала әкімдерінің орынбасарларына, сондай-ақ, мердігер мекеме басшыларына 2022 жылы жоспарланған барлық жобалар жыл аяғына дейін келісім-шартта көрсетілген мерзімде, әрі сапалы аяқталуын тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: