Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Сейсенбі, 04 ақпан, 00:49

«Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында жастармен ТЕdX форматында кездесу өтті

03.02.2025

14

0

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – қоғам үшін маңызды әрі өзекті қадам. Бұл тек экономика мен өндірісті дамытуға ғана емес, сонымен бірге жастардың еңбекке деген көзқарасын жаңғыртуға бағытталған. Осы ретте, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету және жастарға кәсіптік бағдар беру, дұрыс мамандық таңдауға көмектесу мақсатында аудандық «Руханият» орталығында «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында жастармен ТЕdX форматында кездесу өткізілді.

Аталған басқосуды Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ж.Еспенбет ашып, жүргізіп отырды. Келелі кездесуге ауданымызда белгілі жетістіктерге жетіп жүрген жастар Н.Алтынбек, И.Әлібеков, Ә.Мырзаханұлы, С.Әділбекқызы және С Кариев қатысып, оқушыларға кәсіптің қыр-сырын, жұмысшы мамандықтардың еліміз үшін маңыздылығы бойынша өз ойларын ортаға салды.

Келелі кездесу барысында білім ордаларындағы бағдарлы оқыту ісінің ұстаздары қатысып, кездесудің маңыздылығы туралы айтып, ел ішінен шығып, бүгінде жастар арасында танымал болып жүрген, өз еңбектері мен тәжірибелерін бөлісуге келген жастарға өз алғыстарын жеткізді.

Жұмысшы мамандықтар – біздің қоғамның маңызды бөлігі. Оларды бағалай білу, дамыту және насихаттау – біздің ортақ міндетіміз. Тек сонда ғана біз экономикамызды дамытып, елдің өркендеуіне қол жеткізе аламыз. Жұмысшы мамандықтар – тек жұмыс емес, бұл – өз қолымен материалдық құндылықтар жасап, қоғамға пайда әкелудің жолы. Осы жолды таңдайтын жастар көбейе берсін – деді аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ж. Еспенбет.

Жұмысшы мамандықтар – бұл тек физикалық еңбек емес, сонымен қатар, білім мен шеберлікті қажет ететін мамандықтар. Дәнекерлеуші, токарь, құрылысшы, электрик, аспаз, тігінші, механик және басқа да көптеген мамандықтар өз ісінің шебері болуды, нақты білімді, тәжірибені және шыдамдылықты талап етеді. Бұл мамандықтарды игерген адамдар өз қолымен материалдық құндылықтар жасайды, қоғамға нақты пайда әкеледі – деді Жастар ресурстық орталығының директоры А.Ахметжамиев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: