Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 06 ақпан, 01:03

Соттардың қызметінде жасалатын құжаттар тізбесі

05.02.2025

17

0

Сақтау мерзімдері көрсетіле отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер жергілікті және басқа да соттардың қызметінде жасалатын құжаттар тізбесі Қазақстан республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 08.06.2023 жылғы 6001-23-7-4/129 өкімімен бекітілді.

Ұйым (мекеме) қызметінің мынадай құжаттандырылатын бағыттарын көрсетеді:

1) басқару жүйесін ұйымдастыру (норма шығармашылық және басқару қызметі, бақылау, аудит және қаржылық бақылау, басқарудың ұйымдастырушылық негіздері, құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттарды сақтауды ұйымдастыру);

2) болжау және жоспарлау (болжау);

3) қаржыландыру, кредиттеу;

4) есеп пен есептілік (бухгалтерлік есеп пен есептілік);

5) мүліктік қатынастар;

6)еңбек қатынастары (еңбекті және қызметтік ұйымдастыру, еңбекті нормалау, тарифтеу, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау);

7) кадрмен қамтамасыз ету (жұмыскерлерді жұмысқа орналыстыру, қабылдау, ауыстыру және босату, жұмыскерлердің біліктілігін белгілеу, жұмыскерлердің кәсіби даярлығы және біліктілігін артттыру, марапаттау);

8) экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстар;

9) сот істері мен материалдары (бірінші сатыда қаралған азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша нарядтар мен іс жүргізулер, бірінші сатыдағы сот қараған қылмыстық істер, қылмыстық істер бойынша нарядтар мен іс жүргізулер, бірінші сатыдағы сотта қаралған әкімшілік істер, әкімшілік істер бойынша нарядтар);

10) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу, қызметті материалдық техникалық  қамтамасыз ету (тауарларды, жұмыстарды және  қөрсетілетін қызметтерді сатып алу);

11) әкімшілік-шаруашылық мәселелер (ішкі тәртіп ережелерін сақтау, көлік қызметін көрсету, ішкі байланыс, ұйымның қауіпсіздігің қамтамысыз ету);

12) әлеуметтік-тұрғын-үй мәселелер (әлеуметтік мәселелер, баспана-тұрмыс  мәселелер);

13) ақпараттық қызмет көрсету.

​2. Тізбе оның ішінде құпия ақпараты бар істер(нарядтар) мен құжаттардың сақталу мерзімінанықтау, оларды сақтауға іріктеу және жоюға бөлу үшін негізгі нормативтік құжат болып табылады. 

​3. Тізбе істерді (нарядтарды) қалыптастырған, Істер номенклатурасын дайындаған, құжаттар жіктегішін әзірлеген, тұрақты сақталудағы істердің (нарядтардың) жиынтық тізімін және жеке құрам бойынша істердің тізімін, сақталуға жатпайтынқұжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді жасаған кезде, сондай-ақ ұйым (мекеме) сараптамалық комиссияларының жұмыс практикасындапайдаланылады. 

​Осы Тізбеде белгіленген құжаттарды сақтау мерзімдерін азайтуға және тиісті кезең үшін тұрақты сақталудағы істер тізімін тиісті мемлекеттік мұрағат мекемесінің алдын ала бекітуінсіз құжаттарды жоюға тыйым салынады. 

​4. Тізбе функционалдық қағида бойынша жасалған және ұйым (мекеме) қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін бөлімдерді қамтиды. 

​5. Тізбе бөлімдеріндегі құжаттар номиналды-логикалық белгі бойынша орналасқан: олардың маңыздылығы азайғанына сәйкес және құру логикасына сай.

​Тізбедегі тармақтарға бірыңғай толассыз нөмірлеу берілген (1-баған). 2-бағанда істер (нарядтармен құжаттар түрлерінің атаулары келтірілген. Бір тармақта бір мәселе бойынша сақталу мерзімі бірдейқұжаттардың әртүрлі түрлерін біріктірген кезде  «құжаттар» деген термин пайдаланылады, ал жақшада тармаққа кірген құжаттар түрлерінің атауларыашылады. 

​6. Құжаттардың сақталу мерзімдері Тізбедемынадай бес топ бойынша сараланады:

​1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (3-баған);

​2) облыстық және оған теңестірілген соттар (4-баған);

​3) аудандық және оған теңестірілген соттар (5-баған);

4) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі(6-баған);

         5) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің  облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы департаменттері»  РММ (7-баған).

Аудандық соттың бас маманы

   Заңгерлер Одағының мүшесі                                    Б.Исағабылов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: