Сыбайлас жемқорлық деңгейінің өсуі ұлттық экономикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді, өйткені әлеуметтік-экономикалық реформалардың бәсеңдеуіне әкеп соғуы мүмкін және экономика саласындағы әкімшілік сыбайлас жемқорлық тиімді экономикалық саясатты жүргізуде елеулі кедергі болып табылады.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан қоғам талаптары мен ұлттық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің заңнамалық механизмдерін бірізділікпен құрып келеді.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметінің ашықтығын арттырып, олардың үлесін қоғамдық бағалау жүйесін қолдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді рөл атқаруға шақырылады.
Осы бағытта Жалағашаудандықсанитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары бекітілді. Жоспарға қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтауда үнемі ішкі талдау жүргізуге, қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуын қадағалауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар кіреді.
Аталған шаралар аясында басқарма мамандары құқықтық оқудан өтіп, заңнамалардағы өзекті өзгерістермен танысып, құқықтық нормаларды сақтауға бейімделеді. Құқық қорғау мәселелері басшының қатысуымен өтетін жиналыстарда, апталық мәжілістерде, семинарларда кеңінен айтылады. Халықпен өзара іс-қимылды күшейту және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін басқармада «сенім телефоны» жұмыс жасайды, оны бұқаралық ақпараттық құралдар және әлеуметтік желілерде үнемі жариялап отырады. Басшы мен басшы орынбасары бекітілген кестеге сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдау өткізеді. Күні мен уақыты көрсетілген кесте бұйрықпен бекітіліп, басқарма ғимаратының көрнекті жерге ілінген.
Мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі нормаларының бұзылуы мәселелері бойынша азаматтар Жалағаш кенті, Т.Жүргенов көшесі, 75 мекенжайына жүгіне алады. Басқарманың сенім телефоны: 8 (72431) 31-2-71.
Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!