Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сенбі, 22 ақпан, 13:25

ТОҚСАНБАЕВТАР ОТБАСЫ САЯСИ НАУҚАНҒА АТСАЛЫСТЫ

16.02.2025

99

0

Еңбек ауылындағы сайлау учаскесінде сайлаушылар белсенді түрде өз таңдауларын жасауда. Олардың қатарында Тоқсанбаевтар отбасы да бар. Саяси науқанға барлық отбасы мүшелері бірге келіпті. Осындай ел ішіндегі маңызды науқанға отбасымен бірге келіп, дауыс беру көпке үлгі қыларлық іс деуге әбден болады. 

«Ел ішінде өте маңызды саяси науқанда әрбіріміз өз таңдауымызды жасап, үлес қосуымыз қажет” деген Райбек Тоқсанбаев лайықты азаматтарға сенім артуда әр адамның таңдауы шешуші рөл атқаратынын да жасырмады.  Сайлауда дауыс жинап, ел сенімін арқалайтын азаматқа тек сәттілік тілейтінін жеткізді.

Айта кетейік, зейнет жасына дейін Р.Тоқсанбаев ауыл шаруашылығының өркендеуі жолында еңбек етсе, отбасының анасы ауылдық округтегі емханада қызмет істеген. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: