Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сенбі, 22 ақпан, 13:36

Қазақстан жұмыссыздық деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде нешінші орында

20.02.2025

133

0

Қазақстанда былтыр жыл соңында 448,2 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% көп, деп хабарлады Finprom.kz.

Олардың 211,1 мыңы ер адам, 237,1 мыңы әйел. Жұмыссыз қалғандардың ең көбі Алматыда: 51,9 мың адам – өткен жылмен салыстырғанда 0,4%-ке артқан. Екі қолға бір күрек таппаған адамдардың саны бойынша Түркістан облысы екінші, Алматы облысы үшінші орында. Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында жұмыссыз жүргендер аз.

Жұмыссыздыққа ең көп себеп – жұмыс таппау, сосын өз еркімен жұмыстан кету, ал үшінші орында — отбасылық жағдай бойынша жұмыстың болмауы.

Жұмыссыздыққа тағы бір себеп – ұйымның таратылуы немесе банкрот болуы, сондай-ақ штаттың қысқаруы, үй шаруашылығын жүргізу, денсаулық проблемалары,еңбек шарты мерзімінің аяқталуы және оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың болмауы.

Trading Economics рейтингісіне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі бойынша Қазақстан 182 ел арасында 74-ші орынды иеленді. ТМД елдерінің арасында Қазақстан тізімнің ортасында тұр. Жұмыссыздық деңгейі Қырғызстанда – 1,9%, Ресейде – 2,3%, Молдовада – 3,6% және Түрікменстанда – 4,2%.

Әзербайжан, Өзбекстан,Тәжікстан және Украинада керісінше жұмыссыздық деңгейі жоғары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: