Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Сенбі, 22 ақпан, 22:41

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сыр еліне жұмыс сапарымен келді

21.02.2025

124

0

 Вице-министр Аманғали Бердалин Таң ауылдық округінде орналасқан «Агро-Лидер Таң» ЖШС жұмысымен танысып, ет және ет өнімдерін өңдеу мен консервілеу жұмыстары бойынша субсидиялау мәселесін талқылады. Сонымен қатар өндіріс орынның нормативке сәйкес кеңейтілуі қажеттігін айтты.

Сапар барысында Вице-министр Аманғали Бердалин Таң ауылдық округіндегі ветеринариялық пункттің жұмыс барысымен танысып, жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шараларға көңіл бөлді.

Сонымен қатар, осы пункт ғимаратын жеке қаражат есебінен салып бергені үшін, Қазақстанның Еңбек Еріне айналған Имамзада Шағыртаевқа алғысын білдірді. Бұл нысан төрт түліктен тарайтын аурулардың алдын алу жұмыстары үшін маңызды екенін атап өтті.

Жалағаш ауданы ауылшаруашылық вице-министрі.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: