Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жексенбі, 20 сәуiр, 08:09

«Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында аудандық емханада көшпелі мобильді қабылдау өтті

27.02.2025

224

0

Қабылдауға Жалағаш кентінің әкімі Жамалатов Мардан, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Еділбайұлы Нұрбол, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бөлембаев Қанат, Жалағаш ауданының Мансап орталығының маманы Талапберген Жасұлан, «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Досымов Қайрат, заңгер Аяпов Дәурен және Жалағаш аудандық ауруханасының орынбасары Құрманбаев Мүсірәлі қатысты.

Мобильді қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыссыздық, тұрғын үй кезектілігі мәселесі, әлеуметтік мәселелер, тұрақты жұмыспен қамту және денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша өтініштер мен ұсыныстар айтылды.

Әр сұраққа нақты жауап беріліп, мәселелер оң шешімін тапты және заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: