Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 20 сәуiр, 05:57

Президент «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңға қол қойды

03.03.2025

143

0

Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды деп хабарлайды  KAZINFORM .

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта: тарихи-мәдени мұраны сақтау — Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау; археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу; тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу; қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау; археологиялық ескерткіштердің резерватын құру; мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру; қаланың бірыңғай келбетін — сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу; тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту; мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу; туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: