Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Сәрсенбі, 12 наурыз, 22:31

Туберкулезді алдын алу шаралары

12.03.2025

30

0

Туберкулез әлеуметтік маңызды дерттер тізбесінежатады. Оның алдын алу шараларына сәби туылғанкезде, перзентханада нәрестеге 3-4 күні міндеттітүрде БЦЖ вакцинациялау  шарасы жатады. Манту әдісі бойынша туберкулез таяқшаларыменорганизмнің инфекциялануын қадағалау, аурудытудырмау. БЦЖ вакцинасы еліміздегіпрофилактикалық екпелердің ұлттық кунтізбесінесәйкес жоспарлы жүргізіледі.

Қазіргі заманда баланың иммундік жүйесін кез-келген инфекциялық ауруларға қарсы тұруыннығайту қажет.

Балаларда Манту екпесі алғашқы рет «оң» нәтижекөрсеткенде, алғашқы инфекциялану кезеңі болыпсаналады және дифференциалдық тұрғыдандиагностикалық Диаскин тест қолданылады. Латентті туберкулез инфекциясын анықтау ушінДиаскин тестпен тексеруге жататын қауіпті топқа:

– Туберкулезбен ауырған науқастың ошақтағы барлық жанасушылары, сонымен қатар, ұзақ уақыт гормондық, цитостатикалық ем қабылдайтын, гемодиализ емін алатын балалар, жасөспірімдер, ересектер тугелдей жатады.

Бұл әдіс адам ағзасында патогендік микобактерияның бар жоғын анықтайды.Нәтижесі «оң» болған жағдайда, латентті туберкулез инфекциясы нақтыланып, 6 айға бақылаулы химиопрофилактикалық ем тағайындалады. Дер кезіндегі профилактикалық ем, аурудың қозуынажол бермейді.

Туберкулезді алдын ала анықтау үшін жыл сайынхалықты профилактикалық тексеруден өткізіпотыру қажет. Кеуде қуысын тексерудефлюорографияның алар орны ерекше. Флюорографиядан өту халық арасында жоспарлытүрде ұйымдастырылып, шалғай елді мекендегітұрғындарды жыл сайын жылжымалыфлюороқондырғымен түгел тексеруден өткізіп, туберкулезбен ауыратындарды дер кезінде анықтаужұмысы ауданда жолға қойылған. Флюорография ағзаға зиянды әсер етпейді, сонымен бірге жүрек, қан тамыры ауруын, кеуде ісігі, тыныс жүйесіндегібұрын белгісіз түрлі сырқаттарды да анықтауғамүмкіндік береді.

Туберкулездің белгілері тұмау, бронхит, пневмония белгілеріне ұксас болғандықтан, ажырату қиынғасоғады. Сол себепті, терапевтің қадағалауымен ем қабылдап болған соң, ауру белгілері созылып кетсе, міндетті түрде рентген тексеру пен қақырықтыGXpert аппаратымен Кох таяқшасын табу, балаларға Манту сынамасы қажет. Қазіргі кездеДиаскин тест және компьютерлік томография мен МРТ кеңінен қолданылуда.

Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсежәне бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірдеқолданса, аталмыш дерттің өршуіне, таралуынатосқауыл қоюға болады.

Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: