Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 14 наурыз, 22:53

Қазақстанда енді жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге айыппұл салынады

14.03.2025

29

0

Қазақстанда енді жедел жәрдем мен полиция көлігін өткізбегендерге айыппұл салынады. Бұл туралы Zhalagash-zharshysy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Осы айдан бастап бірқатар жол жүру ережелеріне өзгеріс енгізіледі. Енді жедел жәрдем мен полиция көлігін өткізбей, кедергі келтіргендерге 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынбақ. 

Сондай-ақ жүріп келе жатқан көлікте басын шығарғандарға да 40 мың теңгеге дейін айыппұл хаттамасы толтырылады. 

Дегенмен заңда жұмсартылған тұстар да бар. Мәселен, жол-көлік апатында кінәлі жүргізуші, ешкімнің өліміне себепкер болмаса, бұған дейін жүргізуші куәлігінен жарты жылға дейін айырылатын болса, енді 80 мың теңге айыппұл төлеп, жазадан құтыла алады.

Жоғары палата депутаттары автомектептерге тексерісті күшейту керек деген пікірді ұстанады. Себебі, куәлікті оңды-солды таратқандардың кесірі жазықсыз адамның өмірін қиып жатыр.

“Жол инфрақұрылымы әлі жолда апат болудан сақтауға дайын емес. Жолдарды жөндеуіміз керек. Екінші мәселе, жүргізушілердің дайындығын дамыту керек, басқаша тәсілмен. Бүгінде жүргізуші куәлігін алу рәсімі өте жеңіл”, – дейді сенат депутаты Марат Қожаев. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: