Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Жексенбі, 13 сәуiр, 23:43

Елімізде 156 мыңнан астам жұмыссыз МӘСҚ-тан 30,2 млрд теңге көлемінде төлем алды

10.04.2025

378

0

Жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді 1 айдан 6 айға дейінгі аралықта алады

 2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алушылардың саны 156 мыңнан асты, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Жұмысынан айырылуына байланысты 83,9 мың адамға әлеуметтік көмек биыл алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 30,2 млрд теңгені құрады.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған азаматтар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде министрліктің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: