Қызылорда облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент автожолы бойында жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтауға ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті мамандарының дерегінше әуеден бақылау арқылы жүргізілген рейд барысында жол ережесін өрескел бұзған 27 жүргізуші анықталыпты. Олардың ішінде қарсы жолаққа шығып, басып озу маневрін жасағандар да бар. Құқық бұзушыларға қатысты хаттамалар толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған.
Жол қозғалысын әуеден бақылау күре жолдың апат жиі болатын бөліктерінде жүргізіліп жатыр. Осылайша шағын ғана дрондар жол-көлік оқиғаларының алдын алуға айтарлықтай көмек беріп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!