Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сенбі, 19 сәуiр, 05:47

Жалағашта ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған маңызды кездесу өтті

16.04.2025

248

0

Бүгін Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қауіпті ақпарат көздерінен қорғану» тақырыбында кең ауқымды кездесуі өтті.
Кездесуге арнайы қатысқан ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің басқарма басшысы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Долиев Жапал Әмзебекұлы ардагерлер кеңесінің төрағалары, мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларына ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығы туралы мазмұнды баяндама жасады.
«Деструктивті діни ағымдар – қоғамның рухани тұтастығына қауіп төндіретін басты факторлардың бірі. Олар ұлттық құндылықтарды жоққа шығарып, жастардың санасын бұрмалауға тырысады. Осындай қауіптің алдын алу үшін әр азамат медиасауаттылықты меңгеруі қажет. Ақпараттың шынайы не жалған екенін ажыратып, тек ресми дереккөздерге сүйенуді дағдыға айналдыруымыз керек», – деді Жапал Әмзебекұлы.
Аудандық қоғамдық даму бөлімінің сектор меңгерушісі Бектібаев Нұрлан Райсұлы өз сөзінде ақпараттық қауіпсіздіктің қоғам болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтті:
«Ақпараттық кеңістікте саналы әрекет етіп, өз отбасымыз бен балаларымызды жалған ақпараттан қорғау – әр азаматтың борышы. Әсіресе, жастардың бос уақытын тиімді өткізу – оларды түрлі теріс ағымдардың ықпалынан сақтайтын маңызды жолдардың бірі», – деді ол.
Кездесу барысында қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, мамандардан нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Бұл өз кезегінде жиынның тек ақпарат алмасу ғана емес, өзекті тақырып бойынша ашық диалог алаңына айналғанын көрсетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: