Адамның папилломавирусына жеке вирус емес, олардың түгелдей тобы жатады. Бұл вирустың 200-ден астам штаммы бар екенін ескеру маңызды. Сондықтан адам папиллома вирусыныңштаммдары неше түрлі сүйелдер түрінде терініңжәне шырышты қабаттардың әртүрлі зақымдануынтудыруы мүмкін, сондай-ақ инфекция нәтижесіндедамитын жалпақ және сүйрік сүйелдері терініңәртүрлі жерлерінде, аногенитальды аймақта, ауызқуысында, бронхтарда және жоғарғы тынысжолдарында, тік ішекте және т. б., пайда болады, сондай-ақ осы вирустың кейбір штамдары қатерліісік ауруын тудырады, (осындай 40 түрі белгілі).
АПВ адамнан адамға тұрмыстық байланысарқылы беріледі, бұл басқа адамдардың гигиеналықзаттарын пайдалану, жеке гигиенаны бұзуданболады, өйткені АПВ тырнақ астында ұзақ уақытсақталуы мүмкін, содан кейін адам инфекциянытасып, өзіне-өзі жұқтыруы мүмкін, бірақ көбінесеинфекция жыныстық жолмен жұғады. Жатырмойны обыры 80% АПВ тудырады. Бұл ауруменкөбінесе әйелдер ауырады, бірақ АПВ ерлер мен балалар үшін де қауіпті, бәрі иммундық жүйегебайланысты, егер иммунитет күшті болса, онда олвирусты өздігінен оңай жеңе алады және бірнешежыл ішінде оны денеден “ығыстырып шығарады”. Бірақ сонымен қатар қайта жұқтыруы немесе басқаштамммен ауруы мүмкін.
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қыркүйектенбастап қыз балаларды вакцинациялау басталды. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцина Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілді, вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұлжас мөлшері ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарынасәйкес таңдалған, өйткені тұрақты иммунитет қалыптасқан кезде, яғни 11-14 жас аралығындағыиммундау ересек жасқа қарағанда тиімдірекболады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!