Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Сейсенбі, 22 сәуiр, 15:55

Шымкент әкімінің орынбасарына қастандық жасалды

22.04.2025

63

0

Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға түсті. 

Шымкент қаласы полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында атыс қаруын қолдану фактісі тіркелген. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген ведомство ақпаратында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: