Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Бейсенбі, 24 сәуiр, 22:20

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті

24.04.2025

51

0

Мәжілісте Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде жеңілдетілген несиемен жаңа жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау жөніндегі жалпыұлттық іс-шараларда ірі инвестициялық жобаларды Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесімен қаржыландыру көзделген.

Бағдарламаның мақсаты – АӨК-де жаңа жобалар құру немесе қолданыстағыларды кеңейту. Негізгі бағыты – тауарлы сүт фермалары, ет бағытындағы құс фабрикалары, мал шаруашылығы кәсіпорындары, көкөніс, жеміс сақтау қоймалары, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығы. Жүн мен теріні терең өңдейтін, буып-түю материалдарын өндіретін кәсіпорындар, тауарлы балық және басқа да су жануарларын өсіретін шаруашылықтар, қой фермаларын өркендетуге басымдық берілген.

Жиын қорытындысы бойынша жобаларды іске асыруға қатысты сала басшылары мен кент және ауыл әкімдеріне нақты міндеттер жүктелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: