Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенция Еуропа Кеңесінің негізгі құжаттарының бірі болып табылады. Бұл халықаралық шартқа 1950 жылы қол қойылған және 1953 жылғы 3 қыркүйекте күшіне енген.
Конвенция әрбір адамның ажыратылмас құқықтары мен бостандықтарын белгілейді және Конвенцияны ратификациялаған мемлекеттерді олардың құзырындағы әрбір адамның сол құқықтарына кепіл беруге міндеттейді. Конвенцияның адам құқықтары саласындағы өзге де халықаралық шарттардан басты ерекшелігі – конвенцияның бұзылуына жеке шағымдарды қарастыратын адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты (АҚЕС) арқылы мақұлданған құқықтарды қорғаудың іс жүзіндегі қолданыстағы тетігінің болуы. Еуропа соты Страсбург қаласында (Франция) орналасқан, азаматтардың және үкіметтік емес ұйымдардың Конвенциямен кепіл берілген құқықтары мен бостандықтарын бұзған мемлекеттің заңсыз әрекеттеріне шағымдарды қарау құзыреті берілген.
Еуропа Кеңесі елдерінің Конвенцияның қандай да бір бабымен бекітілген құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез-келген азамат, егер оның құқығының бұзылғандығы туралы айыпталатын тиісті бап мемлекет атынан ратификацияланған болса, адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотқа жүгінуге мүмкіндігі бар.
Мемлекеттің ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатыны туралы конституциялық қағидатты ұстана отырып, заң шығару процесінде Парламент пен Үкіметтің қарауына енгізу мен әзірлеудің міндетті шарты заң жобасының тұжырымдамасында халықаралық тәжірибе мен қабылданған міндеттемелерді көрсету, сондай-ақ осы жобаны қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен жария талқылау болып табылады.
Қазақстан адам құқықтары саласындағы міндеттемелердің орындалуын бағалаудың және оның сындарлылығы мен ашықтығын қамтамасыз етудің сыртқы құралы ретінде ӘКШ-ның маңыздылығы туралы позицияны ұстануды жалғастыруда.
2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті жыл ішінде зорлық-зомбылық, адам саудасы және жеке тұлғаға, әсіресе, балаларға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қайтару, сот дауларында мемлекеттік органдарға қарсы азаматтар мен бизнес үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік әділетті енгізу, әкімшілік полицияны реформалау, азаматтық қоғамды дамытудың және орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің мандатын күшейтудің, сондай-ақ митингілер туралы заңнаманы жетілдірудің жаңа тұжырымдамасын қабылдау жөнінде Парламент пен Үкіметтің экономикалық, әлеуметтік сипаттағы заңнамалық және практикалық шаралар қабылдауын көздейтін Жалпыұлттық жоспар қабылданды.
Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында сот және құқық қорғау жүйесін реформалау шеңберінде Жоғарғы Сот сот шешімдерінің сапасын жақсарту, сот практикасының бір үлгіде болуын қамтамасыз ету, судьялардың біліктілігін арттыру, сот ісін жүргізуге және сот шешімдерінің орындалуын бақылауға цифрландыру енгізу жөнінде елеулі шаралар қабылданып бүгінде оң нәтиже беруде.
Аян Алтынбаев.
Жалағаш аудандық сотының
Әкімші басшысы
«Қызылорда облыстық судьялар
Одағының мүшесі»
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!