Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Бейсенбі, 15 мамыр, 01:01

Жалағаш аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2022 жылдың 6 айының жұмыс қорытындысы бойынша  баспасөз  конференциясы өтті

09.04.2025

8

0

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, жергілікті өңірлік «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі Е.Созақбаев қатысты.

Шара барысында аудандық сот  төрағасы А.Мизанбаев 2022 жылдың 6 айында  атқарылған жұмысы жайлы баяндады.

Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 282  іс қаралып, аяқталған. Оның ішінде, азаматтық-91,  қылмыстық-40, әкімшілік құқық бұзушылық -151. Аяқталған 91 азаматтық істер бойынша, сот бұйрығы-14,  шешім-45, тоқтатылған іс саны-24, қараусыз қалдырылған-7, басқа соттың қарауына жолданғаны -1.  Тоқтатылған азаматтық істерге қатысты медиация бойынша-23, оның ішінде сотқа дейінге хаттама негізінде – 20 іс. Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру)-34,  неке бұзу-23, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар-14, заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар-6.

Қылмыстық істер бойынша (аяқталғаны-40), үкім шығару арқылы-24 іс, тоқтатылған-9, (медиация тәртібімен татуласқан-9), соттылығы бойынша жолданған-7, сотталған адам саны-26.

Оларға тағайындалған жаза  түрлері, қоғамдық жұмысқа тарту-3,  бас бостандығын шектеу-7,
Бас бостандығынан айыру-6,  айыппұл-5,  шартты жаза тағайындалғандары-2. Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ. Жеңіл санаттағы қылмыс-3, ауырлығы орташа қылмыс-11, ауыр қылмыс-14, теріс қылық санатындағы қылмыс-12. Аяқталған  қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты бойынша, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы, мал ұрлығы-5 іс,   ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-12 іс, ҚР ҚК   187 бап, ұсақ-түйек жымқыру-3 іс, есірткі затын заңсыз егу, сату мақсатынсыз тасымалдау санатында 8 іс, ҚК-нің 346-бабы, яғникөлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру-2 іс.

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: 151 (аяқталғаны- 151 ) жаза тағайындалғаны-109, тоқтатылғаны-29, хаттама толтырған органға кері қайтарылғаны-1, тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған-19. Жаза тағайындалғандары бойынша, айыппұл-47, ескерту-12, қамаққа алу-43, көлік құралын басқару құқығынан айыру-12, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу-7,  адамға қолданылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша көлік құралын алкогольді масаң күйде басқару-12,  жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу-16. 1 іс келесі тоқсанға қалдыққа қалған, 2-іс біріктірілген.

Есепті мерзімде сотпен азаматтық істер бойынша – 1,  жеке ұйғарым, қылмыстық іс бойынша-, әкімшілік құқық бұзушлық туралы істер бойынша-2, жеке қаулылар қабылданған.

                                                                                                                              
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді. Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: