Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

25°C

, Бейсенбі, 22 мамыр, 21:21

Сібір жарасы дегеніміз не?

22.05.2025

20

0

Сібір жарасы – бұл жұқпалы ауру, оның қоздырғышы – Bacillus anthracis деп аталатаын спора түзуші  бактерия. Бұл зоонозды инфекция  (жануарлардан адамға жұғатын ауру), әдетте, шөпқоректі  (сиыр, қой,ешкі сияқты) жануарларды зақымдайды. Бактериялар өте күшті токсиндерді бөліп шығарады,  көп жағдайда өлімге әкеледі. Адамдар ауру жұқтырған жануарлардан  жұқтыруы немесе малдан алынатын бұзылған өнімдер арқылы жұқтыруы мүмкін.

Сібір жарасы әдетте жануардан жануарға немесе адамнан адамға жұқпайды. Сібір жарасы спораларын жұтқан кезде, деммен жұтқанда немесе жара кесілген жері арқылы  ағзаға енген жағдайда, олар өсіп, көбейіп, токсиндерді шығаруы мүмкін.Жануарлардың жем-азығы, егер оның құрамында ауру жұқтырған жануарлардың сүйек тамағы болса, сібір жарасы спораларын жұқтыру мүмкін. Егер адамдар ауру малға қараса не ауру малды союға қатысса, ауру жұқтырған малдан алынатын  өнімдермен ( мысалы ет, қан, жүн, тері, сүйектер)  жанасатын болса сібір жарасын жұқтырып алуы мүмкін. Бұдан бөлек, иньекциялық героинді тұтынушылар зарарлы героин иньекциясы  арқылы сібір жарасын жұқтыруы мүмкін. Бұдан басқа Bacillus anthracis  биологиялық қару ретінде және биотерроризм үшін қолдануға болатын әлеуетті биологиялық агенттердің тізімінде үнемі жоғары орында тұрады.

Адамдарда сібір жарасының үш түрі болады: жедел және тиісінше медициналық қарап тексеру және емдеу аурудың барлық  аурудың барлық үш түрі үшін маңызды.

Сібір жарасының тері түрі – ең көп таралған түрі. Бактерия, әдетте адам ағзасына зақымдалған тері арқылы, мысалы, сібір жарасы споралармен тікелей жанасқан кезде болатын  жара не кесілген жері арқылы енеді. Нәтижесінде теріде тері деңгейінен сәл жоғары көтеріліп тұрған дақ пайда болады да, қышиды, ол тез қара жараға айналады. Кейбір адамдардың басы ауырып, бұлшық еті ауырады, қызбасы көтеріліп, құсады.

Ауру жұқтырған малдың етін тамаққа пайдаланған кезде сібір жарасының ішек түрін жұқтыруы мүмкін. Бастапқы симптомдары тамақтан улану белгілеріне ұқсайды, бірақ мұнда іш қатты ауырып,, қан аралас құсуы мүмкін және диареяның ауыр түріне зардап шегеді.

Адамдарда пайда болатын сібір жарасының ең ауыр және сирек кездесетін түрі «ингалияциялы» немесе сібір жарасының өкпе түрі деп аталады.Қалқымалы күйде ауада болатын сібір жарасы споралары адамға көп мөлшерде тікелей әсер етіп, демімен жұтқан кезде аурудың осы түрі пайда болады. Алғашқы симптомдары жалпы суық тию белгілеріне ұқсас боп келеді, бірақ олар тез өршиді, тыныс алуы қиындап, есеңгіреу жағдайына түсуі мүмкін.

Сібір жарасының тері түрінде басқа адамның денесіндегі зақымданудан тікелеі жұқтыру қаупі аз. Сібір жарасының  ингалияциялық түрі адамнан адамға жұқпауы мүмкін: сібір жарасы спораларын тікелей деммен жұтқан кезде ғана ауру жұғуы мүмкін.

Адамдар сібір жарасының кез келген түрін жұқтырған кездеауруханаға емделуге жатқызу талап етіледі. Сібір жарасы спораларына  ықтимал әсер етуі мүмкінадамдарға профилактикалық ем ұсынылады. Сібір жарасының қоздырғыштары антибиотиктерге сезімтал, оларды маман тағайындауы керек.  Антибиотиктерді қалай қабылдау керектігі туралы дәрігердің кеңесін үнемі қадағалау қажет. Нұсқаулықтарды тура қадағалап, емдей курсын кысқартпау керек. Егер қандай да бір жанама әсерлер пайда болғандадереу дәрігерге қаралыңыз. Алдын ала медициналық консультация алмай, өзін – өзі емдеу немесе өзін- өзі қорғау үшін антибиотиктерді немесе басқа да кез- келген препараттарды қолдануға тырыспаңыз.

Адамдармен жанауарларға қолданылатын сібір жарасына қарсы вакциналар бар. Жануарларға арналған вакциналар мал шаруашылығында сібір жарасын бақылау үшін қолданылады. Адамдарға арналған вакциналар шектеулі мөлшерде болады, негізінен, сібір жарасы ауруын жұқтыру қаупі бар, қызметі сонымен тікелей байланысты адамдарды қорғау үшін қолданылады.

Кез келген ауру малдың бір түрлі болып жүрген  немесе кенеттен арам өліп қалған малдың етін тамақ өнімдері жасау үшін немесе қандай-да бір басқа өнімдерді дайындау үшін қолдануға болмайды, өйткені жануар жұқпалы аурудан өлуі мүмкін.Мал сойған кезде  ветеринария саласындағы ұлттық ережелерді сақтаңыз, өйткені бұл шаралар тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін , сондай-ақ союға қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сібір жарасынан өлген жануардың барлық мүшесін қауіпсіз жою керек.

Инфекцияның берілу циклінің үзілуі жануарлардағы сібір жарасын бақылаудың негізі болып табылады. Инфекцияның ықтимал ошағы анықталған жағдайда оны дереу жою керек.

Жануарларда бірлі – жарым жағдай туындаған кезде немесе ауру өршіген жағдайда бақылау шаралары  малдың өлексесін қауіпсіз жоюды, малдың өлекселерін тексеру және жою үшін пайдаланатын  зарарлы обьектілер ман заттарды зарарсыздандыруды, сондай-ақ жағдайларға байланысты, басқа да жануарларды емдеп, вакцинация жүргізуді қамтиды.

Ауру жұқтырған малдың өлексесін жоюдың ең жақсы тәсілі- өртеу. Малдың өлексесін союға тиым салынады, өйткені ауада оттегі болған кезде бактериялар спора түзеді.

Сібір жарасының алдын алу мемлекет бақылайтын қоғамдық іс-шаралардан құралады:

  • Ветеринариялық қызмет сібір жарасын жұқтыру мүмкін қолайсыз тұрғын үй аудандарын анықтауды, есепке алуды, бақылауды, сондай-ақ жануарларды жоспарлы тексеруді, жайылымдардың, мал шаруашылығы обьектілерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
  • Медициналық-санитариялық іс-шаралар сібір жарасын жұқтыруы мүмкін қолайсыз елді мекендердегі жалпы санитариялық жағдайды бақылау, сондай-ақ жануарлардан алынатын шикізатты  дайындау, сақтау, тасымалдау және өңдеу кезінде  бақылау жұмыстарын қамтиды;
  • Сібір жарасымен ауыратын науқастарды анықтау, оларды ауруханаға жатқызу;
  • Инфекция ошақтарында  ауру жағдайларын анықтау және бақылау бойынша емдеу-профилактикалық іс-шаралар жүргізуді медициналық қызмет жүзеге асырады;
  • Өлген малдарды өз бетінше көмуге қатаң тиым салынады;
  • Жануарлардан алынатын өнімдерді ветеринарлық ілеспе құжаттарсыз , рұқсат етілмеген сауда орындарынан сатып алуға қатаң тиым салынады;

Ауырып айыққан адамдарды тұрақты иммунитет қалыптасады, аурудың қайталануы өте сирек кезедеседі.

 Г.Айымбетова

Жалағаш аудандық санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау

басқарма басшысы                                                                                     

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: