Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Бейсенбі, 19 маусым, 22:45

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында рейд ұйымдастырылуда

18.06.2025

21

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта заңсыз жүруінің және мектеп бітіруші түлектер тарапынан тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шара өтуде.

Рейдке құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп директорлары мен ерікті жастардан құралған кезекші топтар тартылып, жауапты аумақтарға бекітілді.

Шара барысында қоғамдық орындар бақылауға алынып, кәмелетке толмаған жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, жүйелі түрде жалғастыруды және қоғамдық тәртіпке ерекше мән беруді жауапты сала жетекшілеріне қатаң тапсырды.

Айта кетейік, бүгін облыс көлемінде мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімдері өтуде. Осыған байланысты аудан бойынша құқықтық тәртіпті сақтау, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңсыз жүруінің және бітіруші түлектер тарапынан құқықбұзушылыққа жол бермеу мақсатында жоғары деңгейде ұйымдастырылған рейдтік іс-шара өткізіліп жатыр. Рейд одан әрі жалғасатын болады.

@Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: