Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Жұма, 20 маусым, 02:45

Тапсырмалардың орындалуы аймақ басшысының тікелей бақылауында

19.06.2025

22

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен қаңтар-мамыр айларының қорытындысымен бюджеттің игерілуі, салық базасын ұлғайту, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысы қаралған жиналыс өтті.

Оған департамент пен басқарма басшылары, қала, аудан әкімдері қатысты.

Облыс әкімі осыған дейін берілген тапсырмалардың орындалуына тоқталып, алдағы міндеттерді айқындады.

«Жыл басынан бері өңірімізде әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі макрокөрсеткіштері бойынша өсім қалыптасты.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп, көлік саласы бойынша статистикалық есептілік тапсыратын кәсіпорындармен егжей-тегжейлі зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты ұсыныстар енгізіңіздер.

Өткен 5 айда өңірімізде мұнай өндіру көлемі 185,3 мың тоннаға азайған. Соған қарамастан, жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда артты (100,4%).

Облыстық басқарма басшылары, Қызылорда қаласы және аудан әкімдері, әлеуметтік-экономикалық даму бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштің өсімін қамтамасыз етіңіздер. Жоспарға сәйкес қаржы ай сайын толық игерілуі тиіс.

Мемлекеттік кірістер департаменті облыстық басқармалармен, қала, аудан әкімдіктерімен бірлесіп, жергілікті бюджет түсімдерінің салық базасын ұлғайту бойынша 1 шілдеге дейін тиісті шаралар қабылдап, нақты ұсыныстар енгізіңіздер.

Жиында қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы мен бюджет қаржысының игерілуі туралы облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Фарида Аббасова баяндады.

Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы елімізде нәтижелі жүзеге асырылуда. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару саласындағы 9 жобаны қаржыландыру үшін «Өнеркәсіпті дамыту қорымен» жұмыс жасап, сараптама кезеңдерінен толық өткізу бойынша бұған дейін бірнеше рет тапсырма берілді. Қала, аудан әкімдері, жобаларды қатаң бақылауға алып, жұмысты жеделдетіңіздер. Заңсыз қоқыс орындарын тез арада жойыңыздар.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – бір реттік науқан емес. Қоршаған ортаны таза ұстау, туған жерімізді көркейту, көгаландыру, абаттандыру тұрғындардың күнделікті әдетіне айналуы тиіс», – деді Н.Нәлібаев.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарды облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай баяндады.

Есепті мерзімде өнеркәсіп өндірісі 0,4 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 18,2 пайыз, ауыл шаруашылығы 2,3пайыз, құрылыс жұмыстары көлемі 64,5 пайыз, сауда көлемі 4,9 пайыз артты. Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 27,1 пайыз артып, 230 млрд. теңгеге жетті.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды одан әрі жүйелі жалғастыру үшін«Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының өңірлік жоспары» бекітілді. Жоспарда санитарлық тазалық, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру бағытындағы 43 іс-шара қарастырылған.

Биыл «Үлгілі елді мекен» конкурсын өткізуге, волонтерлік жобалар мен бастамаларды іске асыруға және басқа да шараларға қаржы қаралған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: