Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Жұма, 20 маусым, 23:27

«Ақсу – Беркімбай кәлпе» бағытындағы жол құрылысы қарқынды жүруде

20.06.2025

21

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудандық маңызы бар «Ақсу – Беркімбай кәлпе» автомобиль жолының жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі таңда аталған жолда құрылыс қарқынды жүргізілуде.

Ұзындығы 2,3 шақырым болатын бұл жолдың күрделі жөндеу жұмыстары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Жоба құны – 164,4 млн теңге.

Қазіргі уақытта құм аралас тас төсеу жұмыстары аяқталып, асфальт жабындысы төселуде.

«Мемлекет басшысы ауылдардың инфрақұрылымын жақсартуға айрықша мән беріп отыр. Сол себепті әр жоба сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы қажет. Халық сапалы жолдың игілігін көру керек. Сондықтан жұмысты жоғары деңгейде сапалы атқаруды, әрі уақытында аяқтауды тапсырамын», – деді А.Ибраимов.

Аудан әкімі жол жөндеу жұмыстарының сапасын жеке бақылауында ұстайтынын айтып, жауапты мекемелер мен мердігерге нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, жол пайдалануға берілгеннен кейін оны күтіп ұстау маңызды екені айтылып, Ақсу ауылдық округінің әкіміне бірқатар міндеттер жүктелді.

@Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: