Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 20 маусым, 21:25

Висцералды лейшманиоз – қауіпті ауру!

20.06.2025

16

0

 Висцералды лейшманиоз  –  москиттер шағу арқылы таралатын қауіпті  трансмиссивті   паразитарлық  ауру болып табылады. Инфекция адамды шаққан кезде жұғатын кішкене құм масасы арқылы адамнан адамға тарайды. Аурудың кейбір түрлері организмнің ішіне зақым келтіреді. Оларды айыру өте қиын және емдеу күрделі де қымбатқа түседі. Аурудың жұғу  кезеңі  –  маусым айынан  қарашаға дейін. Аурумен негізінен 7  жасқа дейінгі  жас балалар  шалдығады.

Висцералды лейшманиоз ауруымен   иттер, жабайы жыртқыштар: оның ішінде қасқырлар,  шакалдар,  түлкілер  ауырады.   Ауру  иттің  көзінің  айналасының  жүні түсіп,                             “ көзілдірік” симптомы байқалады.

Ауруды – москиттер ( үнсіз маса ) таратады. Үнсіз маса  ерте көктемнен күзгі қара суыққа дейін ұшады. Қазақстанда  12 түрі кездеседі, көбіне оңтүстік аймақтарда таралған. Табиғатта үнсіз масалар үңгірлерден, кемірушілердің,  тышқандардың інінен,  қоқыс үйінділерінен табылады. Үнсіз маса үй жануарларының, құстардың, кемірушілердің қанымен қоректенеді, елді – мекендерде адамның қанын сорады,   бір сорғанда 0,5 мг қан сорып, 30 дан 100 ге жуық жұмыртқа салады. Ұшу ұзақтығы 2 жарым ай.  1,5 шақырым қашықтыққа дейін таралады.

    Москиттер (үнсіз масалар) қатты шағып, мазалайтын насеком. Бұл масаның шаққан жері қатты ашиды, қышып, қызарып, іседі. 3 – 8 айдан кейін адамның дене қызуы көтеріліп, бауыры мен талағы ісінеді, қанжасау ағзаларының зақымдануынан ауыр анемия пайда болады. Арнайы ем алмаса  –  өлімге  соқтыруы мүмкін, уақытылы ем алып шыққан адам сауығып кетеді.

Бұл аурудың алдын алу шаралары: 

Аурудың негізі  табиғи резервуары  –  иесіз иттерді жою жұмыстарын жүргізу;

Висцералды лейшманиоз  таратушы – москиттерді арнайы инсектицид  –  дәрілер қолдана отырып, жою.

Москиттерден қорғану, есік, терезелерді торлау.

Елді – мекендермен жеке үйлердің санитарлық  тазалығын сақтау мақсатында көркейту – көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу

Висцералды лейшманиоз  ауруының ошақтарында ауруларды ерте табу, емдеу

                   Белгілері

Шаққаннан кейін 2—8 апта откен соң, маса шақкан жерде ісік пайда болады.

Ісік әдетте іріңді, ашық жараға айналады.

Ірің өзі жазылуы мүмкін, ал кейде бірнеше аптадан 2 жылға дейін қалып қоюы мүмкін.

Іріңдер бактерияларды оңай жұқтырады.

              Емдеу жолдары

Іріңді қайнатылған салқын сумен жуыңыз.

Жараға 10—15 минөтке ыстық, (тері күймейтіндей ыстық) дымқыл шүберек басыңыз.

10 күн бойы куніне 2 реттен осылайша жасаңыз. мұндай жылы емдеу жараның толық жазылуына себін тигізеді.

Егер жара жұқпалы болса, (зардапты қызыл) сонымен бірге антибиотиктер беріңіз.

М.Ажарбаева

ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО»ШЖҚ РМК Қызылорда обл бойынша филиалының

Жалағаш аудандық бөлімшесінің сан эпид қызмет маманы                                 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: