Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарын жеке қабылдады.
Қабылдауда тұрғындар тұрғын үй кезегіне тіркелу, балабақша ашу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен баспана алу, жер учаскесі бойынша мәселелерін қозғады.
Қабылдауға келіп, ұсыныс-пікірін, өтінішін жеткізген тұрғындардың сауалдары назарға алынып, заң аясында шешілу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерге заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы немесе әкімдікке келіп, жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.
Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!