Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 28 маусым, 22:29

Қызылордада жедел басқару орталығы жаңғыртылып, заманауи технологиялармен жабдықталды

28.06.2025

20

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алуда жергілікті бюджет есебінен бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, 1400 бейнебақылау камерасы, 20 «Зияткерлік қиылыс» және 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш, жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитикалық жүйе орнатылады.

Қазіргі уақытта жедел басқару орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, толықтай жаңартылған. Орталықтың басқару залына бейнеқабырға, операторларға арналған 15 автоматтандырылған жұмыс орны мен жаңа жиһаздар қойылған. Мұнан бөлек, заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылып, бейнеконференц байланыс жүйесі іске қосылған.

Қызылорда облысында республикада алғашқы болып барлық аудандық полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары ашылды.

Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 4 млрд 550 млн теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, оның 1 млрд 382 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: