Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Дүйсенбі, 30 маусым, 22:13

Бірінші тоқсанының жұмыс қорытындысы

30.06.2025

19

0

Жалағаш аудандық сотында БАҚ өкілінің қатысуымен 2025 жылдың бірінші тоқсанының жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз  конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, жергілікті өңірлік «Жалағаш жаршысы» газетінің тілшісі  Е.Созақбаев қатысты.

Шара барысында аудандық сот  төрағасыА.Мизанбаев 2025 жылдың бірінші тоқсанында  атқарылған жұмысы жайлы баяндады.

Аталған мерзімде аудандық сотта барлығы 235  іс қаралып, аяқталған.

Оның ішінде, азаматтық-111,  әкімшілік іс-1  қылмыстық-16, әкімшілік құқық бұзушылық -108.

Аяқталған 111 азаматтық істер бойынша, сот бұйрығы-14,  шешім-53, тоқтатылған іс саны-37, қараусыз қалдырылған-6, басқа соттың қарауына жолданғаны -1. Тоқтатылған азаматтық істерге қатысты медиация бойынша-35, оның ішінде сотқа дейінге хаттама негізінде – 31 іс. Азаматтық істер бойынша ең көп қаралған даулар шарт бойынша міндеттемеден туындаған даулар (банк заем шарты, қарыз ақша өндіру)-64,  неке бұзу-5, кәмелетке толмаған балаларды асырап бағу үшін алимент өндіру жайлы талаптар-13, заңдық маңызы бар фактіні анықтау жайлы арыздар-10, әкімшілік істер бойынша -1 іс медиация тәртібімен тоқталып аяқталған,

Қылмыстық істер бойынша (аяқталғаны-16), үкім шығару арқылы-1 іс, тоқтатылған-5, (медиация тәртібімен татуласқан-0), соттылығы бойынша жолданған-10, сотталған адам саны-1.

Оларға тағайындалған жаза  түрлері, қоғамдық жұмысқа тарту-1,  бас бостандығын шектеу-0,
бас бостандығынан айыру-0, айыппұл-0, шартты жаза тағайындалғандары-0.

Аяқталған істердің санаттарына тоқталсақ. Жеңіл санаттағы қылмыс-0, ауырлығы орташа қылмыс-0, ауыр қылмыс-0, теріс қылық санатындағы қылмыс-1.

Аяқталған  қылмыстық істердің ең көп қаралған қылмыс санаты бойынша, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы, мал ұрлығы-0 іс,   ҚК-нің 188-бабы, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру-0 іс, ҚР ҚК   187 бап, ұсақ-түйек жымқыру-0 іс, есірткі затын заңсыз егу, тасымалдау санатында  іс. ҚК 190 бабы Алаяқтық-6

Қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: 111 іс түскен, аяқталғаны 108, 3 іс  келесі тоқсанған қалдық қалған, жаза тағайындалғаны-83, тоқтатылғаны-24, тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылған-7. Жаза тағайындалғандары бойынша, айыппұл-44, ескерту-4, қамаққа алу-34, көлік құралын басқару құқығынан айыру-1, көлік құралын басқару құқығынан айыру қосымша жаза ретінде -5   адамға қолданылған. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ең көп қаралған санаты бойынша  жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, оның ішінде ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастарда тұратын адамды ұрып соғу-30 іс қаралған.

                                                                                                                              
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төрағасы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, баспасөз өкілінің туындаған сұрақтарына жауап бере отырып,  алғысын білдірді.

Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: