Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Дүйсенбі, 30 маусым, 19:49

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2025

15

0

Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, 8 маусымда президенттің жарлығымен Руслан Жақсылықов қорғаныс министрі қызметінен босатылған болатын. Оның орнына орынбасары Дәурен Қосанов тағайындалды. Артынша экс-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат тарады, алайда ол жалған болып шықты.

Руслан Жақсылықов туралы не білеміз

1966 жылы Қаскелең қаласында туған. Қазақстанның мемлекет және әскери қайраткері, генерал-полковник, педагогика ғылымдарының кандидаты.

И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін (1987), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны (1996), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын (2004) бітірді. Әскери училищеден кейін мотоатқыштар және барлау взводының, ротасының командирі, Алматы қаласы әскери бөлім барлаушыларының бастығы.

1996 — 2006 жылдары ҚР ИМ ІӘ жеке құрама бастығының орынбасары – штаб бастығы, жеке жедел, арнайы моторландырылған полк, құрама командирі сияқты әртүрлі кызметтер атқарды.

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары.

2007-2008 жж. – Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер Бас штабының бастығы.

2008 жылдың 4 қыркүйегінен бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысы.

2013 жылдың 22 қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлердің бас қолбасшысы.

2014 жылдан бастап генерал-лейтенант атағын алып, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысы міндетін атқарды.

2022 жылдың 19 қаңтарынан бастап 2025 жылдың 8 маусымына дейін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: