Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

29°C

, Сейсенбі, 01 шiлде, 20:10

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы ел сенімін нығайтады

30.06.2025

18

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.

Жиынға фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева төрағалық етті. Шараға аудандық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Елеусінов пен аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов қатысты.

Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023–2028 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының орындалу барысы тыңдалды.

Сондай-ақ, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Ғабитұлы мен Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Қуаныш Абдықалықов өз салалары бойынша баяндама жасады.

Депутаттар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, оларды жүзеге асыру фракция бақылауына алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: