Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

26°C

, Жексенбі, 27 шiлде, 21:49

Ұлыбританиядағы зерттеу жапон көліктерінің сенімділігін растады

25.07.2025

12

0

Ұлыбританияда жүргізілген жаңа зерттеу нәтижесінде Жапон автокөліктерінің сенімділігі тағы да дәлелденді. «Warrantywise» сақтандыру компаниясы елдегі автокөлік модельдерінің саны мен орташа нарықтық құнына сүйене отырып арнайы сараптама жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеу кезінде сақтандыру жағдайларының сирек тіркелуі және техникалық қызмет көрсету құнының төмендігі есепке алынған. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып жасалған рейтингтің көшін жапон маркалары бастады.

Бірінші орынға 92,8 ұпай жинаған Toyota Yaris ие болды. Екінші және үшінші орындарды 88,6 ұпаймен Suzuki Swift пен Toyota Aygo бөлісті. Төртінші орынға кореялық Kia Picanto (86,8) тұрақтаса, үздік бестікке Toyota Prius (86,1) кірді.

Алтыншы орынды Kia Ceed (85,3) еншілесе, жетінші сатыға тізімдегі жалғыз пикап – Toyota Hilux (84) орналасты. Honda CR-V сегізінші орынға (83,4), ал Ford B-Max тоғызыншы орынға (82,8) табан тіреді.

Сараптама нәтижесі бойынша, алғашқы ондықты 82,8 ұпаймен Citroen C1 түйіндеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: