Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 19:59

Мемлекеттік сатып алудағы бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

22.07.2022

574

0

 Биыл мемлекеттік сатып алу бойынша екі мыңнан астам конкурс жарияланды. Оның 1112-сі толық аяқталып, 392,2 млн теңгеге жуық қаржы үнемделді. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың бірқатар заңына өзгерістер енгізілді. Бұл өз кезегінде тапсырыс берушілер тарапынан заңнаманың дұрыс қолданылуына септігін тигізбек.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Талғат Исмағұлов мәлімдеді.

«Осы жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік сатып алу басқармасымен 346 конкурс жарияланып, оның 181-не сатып алуға кураторлық сүйемелдеу жүргізілді. Осы ретте тәжірбие көрсеткендей, мемлекеттік сатып алу заңына бір жылда орта есеппен 2 рет, ал оны реттейтін ережелерге 4 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп тұрады. Бұл дегеніміз – тапсырыс берушілер тарапынан заңдық нормалардың дұрыс қолданылуына әсерін тигізеді. Сондықтан заңбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу үшін басқарма тарапынан 15 семинар, 4 дөңгелек үстел, 28 дәріс ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Электронды тауарлар каталогынан мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекіту туралы» заң бекітілді. Аталған тізбеде кеңсе тауарлар, шаруашылық тауарлар, медициналық заттар мен электр тауарларын электрондық каталог арқылы сатып алу жүзеге асырылды», – деді Талғат Абдулхаисұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: